Қазақ хандығына 550 жыл

Ақмола облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Армысың, әз-Наурыз» байқауы өтті (ФОТО)

Астрахан ауданында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Армысың, әз-Наурыз» байқауы өтті, деп хабарлады Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 19 Наурыз, 09:23

Шара Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұлттардың ұлттық мәдениетін одан әрі  дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауды «Тілдерді үйрену орталығы» КММ Астрахан ауданының мәдениет бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды, онда қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне үлкен мән берілген.

Байқауға аудандық экономика мен қаржы, ішкі саясат,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, жастардың ресурстық орталығы мен орталық кітапхананың мамандары қатысты.

Әр қатысушы команда қазақтың ұлттық асын дайындады және оның құрамы мен  дайындалу барысы туралы айтып берді.

Әділ-қазы алқасының қорытындысы бойынша байқауда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тобы жеңімпаз атанды.





Яндекс.Метрика