Ұлтаралық бірлік

Өскеменде ҚХА-ның 20 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» этнофестивалі өтті

Өскеменнің «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай, «Бірлігіміз жарасқан» этнофестивалі өткізілді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан18 Наурыз , 19:53

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай облыстық Достық үйінде өткен этнофестивальде халықтық шығармашылық ұжымдары мен талантты өнерпаздар, әртүрлі этномәдени орталықтардың өкілдері өнерлерін ортаға салды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шараның мақсаты – елдегі ынтымақты күшейту, халықтық шығармашылық топтар арқылы этносаралық келісімді нығайту. Шара барысында сонымен қатар, Ассамблея жылына орай, этнофестиваль қатысушыларына этникалық стильде қолдан жасалған сувенирлер сыйға тартылды

 




Яндекс.Метрика