Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Көкшетауда оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыруда көмек көрсететін орталық ашылды

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінде оқу орынын бітірушілерге қолдау көрсететін орталық ашылды, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 18 Наурыз, 19:37

Орталық оқу орнын бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуда мүмкіндіктерін арттырады және UNIWORK сапалы жұмыспен қамту жүйесін құруға мүмкіндік береді. Орталықтың басты мақсаты – ынталандырудың тиімді құралдарын құрып, студенттер арасындағы жұмыспен қамту мен кәсіпкерліктің кеңеюіне жол ашу. Сонымен қатар ол университеттер мен кәсіпорындар арасында байланыс орнатып, кәсіпорындардың орталықтың жұмысына белсенді атсалысуына ықпал ететін тетіктерді қалыптастыруға ықпал етпек.    

Аталмыш орталықтың ашылу рәсіміне Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерінің және еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері сондай-ақ «Оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту және UNIWORK жұмыспен қамтудың сапалы жүйесін құру мақсатында Орталық Азиядағы орталықтарды нығайту» жобасына қатысушы еуропалық әріптестер қатысты.  

Айта кетейік, UNIWORK жобасының миссиясы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.  Жоба солтүстік өңірді жоғары оқу орындарының әлеуетін артыру арқылы Болон ұстанымдары мен TEMPUS басымдықтары негізінде тұрақты дамуына ықпал етеді.    

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика