Адамзаттық капитал

ШҚО-ның емдеу-сауықтыру орындарында 75 ардагерге тегін жолдама беріледі

Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойына орай, ағымдағы жылдың мамыр айында шығысқазақстандық 75 ҰОС ардагері мен тыл ардагеріне өңірдің негізгі емдеу-сауықтыру орындарына демалуға тегін жолдама беріледі, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан18 Наурыз , 19:23

Бұл туралы ШҚО әкімдігінің кеңейтілген отырысында мәлім болды.

«Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында шығысқазақстандық 75 соғыс ардагері мен тыл ардагері емдеу-сауықтыру орындарына тегін демалатын болады», – деген Ержан Сембинов аталмыш шаруаны басқарманың өзі жүзеге асыратынын мәлімдеді.        

Басқарма басшысы сондай-ақ, Қазақ Хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Катон-Қарағай ауданының Берел қорығының аумағында айтулы шаралардың туристік бағдарламасы әзірленгенін айтып өтті. Аталмыш бағдарламаның бір саласында шетелдік мүсіншілердің бас қосуымен симпозиум өткізу жоспарланған.




Дерекнама

Яндекс.Метрика