Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Пәкістан екіжақты ынтымақтастық жүргізуде жоғары әлеуетке ие – Абдул Салих Хан

Қазақстан мен Пәкістан екіжақты ынтымақтастық жүргізуде жоғары әлеуетке ие, деді Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдул Салих Хан Ақордадағы бірқатар мемлекет елшілерінің Елбасына сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде.
Астана қаласы18 Наурыз , 16:26

«Пәкістан мен Қазақстан бауырлас мемлекеттер. Қазақстан Орталық Азияда жер көлемі мен  халықының саны бойынша ең ірі аймақ болып есептеледі, сондықтан да Еуразия жүрегінен өзінің  стратегиялық  орнын алды. Қазақстанның энергиялық қоры мен экономикалық жылдам өркендеуі Қазақстанды өңірдегі баға жетпес серіктестікке айналдырды, оған қоса күштің әлеуетті көзі болып есептеледі», - деді Абдул Салих Хан.

Елші атап өткендей, Пәкістан Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылдың желтоқсанында қабылдаған алғашқы мемлекеттердің  бірі болып саналады.

«11 қыркүйек күні болған жағдайдан кейін Пәкістан Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, терроризммен күрес бойынша халықаралық коалицияда рөлін өзгертті. 2011 жылдың қазан айында Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты емес өкілі ретінде Пәкістанның кандидатурасын қолдады. Өз кезегінде,  Пәкістан Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына толық мүше болуын қолдап отыр. Сондай-ақ, Пәкістан Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына енуде Пәкістан кандидатурасын қолдағанын жоғары бағалайды», - деді ол.

Оның айтуынша, екі елдің екіжақты ынтымақтастық жүргізуіне әлеуеті жоғары, ол сауда, қаржы саласы, технология, мәдениет саласында көрініс тапқан.

«Пәкістан мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық Пәкістан-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының институционалдық делдалы болып саналады. Комиссияның келесі отырысы осы жлдың екінші тоқсанында өтеді», - деді ол.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика