Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Талдықорғанда Наурыз мейрамына орай 400 тал егілді

Наурыз мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласындағы «Жастар» паркінде 400 түп ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы 19 Наурыз, 08:53

Ондағы көшеттердің негізгі бөлігін қарағай, тянь-шань шыршасы мен көк шырша ағаштары құрайды. Аталған шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларының өкілдері өз үлестерін қосты.

Болашақта «Жастар» паркі қала тұрғындарының ең сүйікті демалыс орындарының бірі болмақ. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов сол жерде өткен шарада мәлімдеп, жиналған қауымға парктің жоба-жоспарын көрсетті. Бұдан басқа облыс басшысы ағымдағы жұмыс барысымен танысып, тиісті органдарға тапсырмалар жүктеді.





Яндекс.Метрика