Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ОСК Ә.Құсайыновты кандидат ретінде тіркеді

2015 жылғы 18 наурызда Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Астана қаласы18 Наурыз , 16:09

Аталғандай, орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабы 6-тармағына сәйкес мынадай құжаттар ұсынылды:

1.Ә.Қ. Құсайыновтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

2.Ә. Қ. Құсайыновтың өмірбаяндық деректері;

3.Ә. Қ. Құсайыновты қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;

кандидат пен оның зайыбының табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағына сәйкес Президенттiкке кандидатты Республика облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кемінде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кемінде бiр пайызы қолдауға тиiс. Ә.Қ. Құсайыновтың кандидатурасын қолдап сайлаушылардың 132 152 рас қолы жиналды.

Ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика