Үкімет

Қазақстан Президенті бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Бүгiн Ақордада Қазақстандағы төтенше және өкiлеттi елшiлердің ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа сенiм грамоталарын табыс ету рәсімі өтті.
Астана қаласы18 Наурыз , 15:43

Атап айтатын болсақ, Мемлекет басшысына Кувейт Мемлекетiнiң Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Тарек Абдулла аль-Фарадж, АҚШ-тың Қазақстандағы елшiсi Джордж Альберт Крол, Пәкiстан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Абдул Салик Хан, Болгария Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Васил Петков, Сауд Арабиясы корольдiгiнiң Қазақстандағы Төтенше және өкiлеттi елшiсi Гурм бен Саид Аль-Милхан сенiм грамоталарын табыс еттi.

«Сiздерге өз мемлекеттерiңiз бен бiздiң ел арасындағы екiжақты қарым-қатынасты одан ары нығайту, байланыс, ынтымақтастықты дамыту жүктелген. Сол мiндеттi абыроймен орындайды деп мен сенемiн», - дедi Н.Назарбаев.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика