Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстандық геологиялық барлау компанияларын технологиялық жаңғырту стратегиялық серіктесткке байланысты – Исекешев

Қазақстандық геологиялық барлау компанияларын технологиялық жаңғырту стратегиялық серіктесткке байланысты,деді Орталық Азиядағы 6-шы Майнекс Форумында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.
Астана қаласы18 Наурыз , 16:24

Қазақстандық геологиялық барлау компанияларын технологиялық модернизациялау көбіне стратегиялық серіктесті дұрыс таңдауға байланысты. Ол серіктес өзінің табысты тәжірибесіне сүйеніп бірлесіп жұмыс жасау үшін перспективалы учаскелерді, сонымен қоса тиімді барлау жасау үшін технологияларды таңдауға да көмектесетін болады. 

Мысалы,  Қазгеологияның  стратегиялық  серіктестері  қатарында Рио-Тинто, KORES, IlukaResourcesLimited, UlmusFund, «Geotech» сияқты белгілі ірі компаниялар бар.

Осы компаниялармен ынтымақтастығының арқасында Қазгеология дистанциялық зондылау, аэрогеофизика, жерүсті және лабораториялық зерттеу, бұрғылау, 3 өлшемді геологиялық модельдеу  және кен орындарының қорларын бағалаудың озық технологияларына қол жеткізе алады.

 «Мысалға, Қазақстанда VTEM және ZTEM сияқты бірегей аэроэлектромагниттік технологиялар қазірдің өзінде қолданылып жүр. Ол технология арқылы қатты пайдалы қазбалар бойынша 2,5 км тереңдікте зерттеу жасауға мүмкіндік береді», - деді Ә.Исекешев.

Өз серіктестермен бірге Казгеология 2015 жылы 37 мың қума метр аэро- және 5 мың жер бетіндегі геофизикалық түсірілім жасауға; 42 мың қума метрлік карталау және іздеу бұрғылау жұмыстарын орындауға тиіс. Алынған барлық деректер Қазгеологияда заманауи программалық-аппараттық технологияларды қолдана отырып өңделіп, талданатын болады.

 




Яндекс.Метрика