Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Тау-кен өндірісі саласы Қазақстан экономикасы өсуінің басты негіздерінің бірі болып қалады – Исекешев

Қазақстанның тау-кен өндірісі салас экономика өсуінің басты негіздерінің бірі болып қалады, деді Орталық Азиядағы 6-шы Майнекс Форумында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.
Астана қаласы18 Наурыз , 15:37

«Қазіргі уақытта ғаламдық экономикалық дағдарыс пен минералды шикізат рыногының тұрақсыздығы әсерінен көптеген тау-кен өндіру және геологиялық барлау компаниялары едәуір қатқыл сынақтарды бастан кешуде. Соған қарамастан, ұзақ мерзімді перспективада тау-кен өндірісі секторы Қазақстан экономикасы өсуінің басты негіздерінің бірі болып қалатыны айдан анық», - деді Ә.Исекешев.

Минералды-шикізат кешенін басқару жүйесін өзгерту, саланың инвестициялық ахуалын жақсарту үшін жағдай жасау, озық технологияларды трансферттеу, инфрақұрылымды дамыту және сала қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру жөніндегі реформалар басталды.Бірінші кезекте, өзгерістер заңнама базасын жетілдіру бойынша жасалуда. Дәл қазіргі уақытта «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа заңға бірқатар прогрессивті жаңалықтар енгізілді.

Конкурстың жеңімпазын таңдауда конкурстың ең ашық түрі ретінде аукцион өткізу жолымен таңдау тәсілі алғаш рет енгізілді. Модельдік келісімшарт оңтайландырылды (қайталанатын мәтін 98%-ға қысқартылды), келісімшарттар бойынша міндетті сараптамалар 60%-ға қысқартылды, міндетті жобалау құжаттар тізбесінен техникалық-экономикалық негіздеме алынып тасталды. Өндіру көлемі жобадағы көрсеткіштерден 20% шегінде және басқа нормалар өзгерген жағдайда келісімшарттағы өзгерістерді келісу қажеттілігі күшін жойды.  

Министр атап өткендей, Австралияның тәжірибесі бойынша Барлау құқын берудің оңайлатылған тәртібі алғаш рет қабылданды. Автралияның тәілі бойынша келісімшартқа отыру мерзімі 25 күнге дейін қысқартылды (оған дейін 540  күн болатын).




Яндекс.Метрика