Халықаралық интеграция

Қазақстан Ресей мен Арменияда өтетін ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің бірлескен оқу-жаттығуына қатысады

Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Армения, Беларусь және Тәжікстан елдері қорғаныс ведомстволарының өкілдері Мәскеу қаласындағы ҰҚШҰ-ның Біріккен штабында бас қосты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде18 Наурыз , 19:06

Онда алда өтетін «Мызғымас бауырластық – 2015» және «Өзара іс - қимыл – 2015» бірлескен оқу-жаттығуларына дайындық және өткізу жұмыстары жөніндегі мәселелер талқыланды. Қазақстанның атынан келіссөздер жүргізуге ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әлімов қатысуда. Аталмыш оқу-жаттығу Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында алты елдің өзара ықпалдастығы үшін маңызды болып саналады.

Оқу-жаттығу барысында бүгінгі армияның шынайы мүмкіндіктері көрініп, әскери қызметшілер құнды озық тәжірибеге ие болады. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жауынгерлік даярлықты нығайтады. Биыл Ресей мен Армения аумағында ауқымды оқу-жаттығуды өткізу  жоспарланып отыр.

Былтырғы жылы «Өзара іс - қимыл –  2014» іс-шарасы Қазақстанның «Спасск» полигонында өтті. Оқу-жаттығуға 3000-нан аса әскери қызметші, 800 арнайы және ұрыс техникасы, 30 ұшақ пен тікұшақ тартылды. Ал «Мызғымас бауырластық – 2014» оқу-жаттығуы Қырғызстанның «Ала-Тоо» полигонында өткізілген болатын.

 




Яндекс.Метрика