Халықаралық интеграция

ШҚО әкімдігі халықаралық «Unit Group» компаниясымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

ШҚО әкімі Даниал Ахметов түркиялық «Unit Group» компаниясының директоры Унал Айсал бастаған өкілдермен кездесу өткізді, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан18 Наурыз , 17:43

 Кездесу барысында Даниал Ахметов өңірдің жан-жақты саладағы әлеуетін айтып өтті.

«Шығыс Қазақстан облысы еліміздегі өнеркәсіп өндірісі дамыған қала. Дүние жүзінде берилли өндіретін ірі 3 зауыттың біреуі біздің өңірде. Жақын уақытта тау-кен байыту саласында әлемдік стандарттарға сай екі комбинаттың құрылысын аяқтаймыз. Сол секілді ауыл шаруашылығы саласында өңіріміздің әлеуеті жоғары. Аймақ туристік кешендерді тұрғызуға әбден лайық. Сондықтан, біз жан-жақты салада жұмыстарды біріге атқарамыз деген сенімдемін», – деді Д.Ахметов.

Өз кезегінде Унал Айсал әлемнің 8 елінде табысты еңбек етіп жатқан «Unit Group» халықаралық компаниясының ШҚО аумағында жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

«Компания негізінен электрлік салада электростанцияларды тұрғызып, пайдалануға беру жұмыстарымен айналысады. Біз Қазақстанда жан-жақты келісімге отырып, серіктестікті нығайтуға ниеттіміз», – деген ол өңір басшысын алда келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында қос тарап мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік аясында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпірдің құрылысын жүргізу мәселесін талқылады.

Айта кетерлігі, «Unit Group» компаниясы Таяу Шығыстан бастап, Еуропаның Бельгия, Хорватия, Люксембург сынды бірқатар елдерінде жұмыс істеп келеді.

 

 




Яндекс.Метрика