Бағдарламаны жүзеге асыру аясында ғылыми тағлымдама бойынша бірлескен 7 байқау, ғылыми семинарлар, докторлықтан кейінгі зерттеулер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ірі қалаларындағы және аймақтарындағы жетекші ЖОО жанынан Кәсіби дамыту орталықтарын ашу бойынша жұмыстар өткізілді.
Серіктестік бағдарламасының алғашқы жылындағы нәтижесі бойынша өтініштерді жақсарту мақсатында бірқатар ұсыныстар жасалды.
Ұлыбританияның елшісі, Кэролин Браун бар байланыстарды одан ары дамытуда және жаңа ғылыми байланыстарды орнатуда «Ньютон Әл-Фараби» серіктес жобасын жүзеге асыру маңыздылығын атап өтті.
Ал, ҚР БҒМ Ғылым комитетінен атап өткендей, 2015 жылдың жазында Серіктестік бағдарламасының Үйлестіру тобының алғашқы отырысын өткізу белгіленді.