Адами капитал

АШМ 500 млрд. теңгеге дейін АШТӨ-ні қаржылай сауықтыруды ұлғайтуда

АШМ 500 млрд. теңгеге дейін АШТӨ-ні қаржылай сауықтыруды ұлғайтуда, деді ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Роман Ким.
Астана қаласы18 Наурыз , 12:39

«2015 жылы қаржылық сауықтыруды жалғастыру үшін Министрлікпен «Агробизнес-2020» бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіліп, АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасын 500 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді Роман Ким.

Жалпы АӨК субъектілерінің берешектері бойынша қаржылай сауықтыру бағдарламасында сыйақы мөлшерлемесінің жалпы сомасын екі есеге төмендету, 25 мыңнан астам тұрақты жұмыс орынын сақтап қалу үшін жағдай жасалынып отыр.

«Жалпы, ел бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша жұмыстар жалғасуда. 2011-2014 жылдары 260 жұмыс орны ашылды, 120 мың адамд қосымша оқытылды. Индустрияландыру картасы бойынша 75 кәсіпкерлік ашылып, 7,5 мың жұмыс орны ашылады», - деді ол.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика