Өңірлер

Ерейментауда кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды (Фото)

Ерейментау қаласында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды, деп хабарлады Облыстың ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа» орталығы.
Ақмола 18 Наурыз, 17:27

Ашылудың мақсаты – аудандық  және облыстық деңгейді барлық қызмет түрін көрсететін инфрақұрылымды құру, ол жас кәсіпкерлер мен тәжірибелі кәсіпкерлерге бірдей болмақ.

«Орталықта бірқатар қызмет түрі көрсетіледі: ол шағын және орта бизнеске  қаржылай  және қаржылай емес  көмек көрсету, кәсіпкерлердің қызығушылығы мен құқығын қорғау, бизнесті ашуды қолдау және дамыту», - делінген хабарламада.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Ермек Нұғыманов өзге аудандармен салыстырғанда Ерейментау ауданында аталмыш сала соншалықты дамымаған, сол үшін белсенді жұмыс жасау керек. Ол орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика