EXPO-2017

Австрия «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ынталы

Австрия Республикасының Үкіметі «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға ықыласты, деп хабарлайды ұлттық компания өкілдері.
Астана қаласы18 Наурыз , 15:21

«Еуропа елдері бизнесінің өкілдері «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу мен оның аясындағы құрылыстар кезінде  пайдаланылатын «Ақпараттық технологиялар, «Ақылды қала» жүйесі сияқты  инновацияларды дамытуға қызығушылық танытып отыр. Осылайша Австрия Республикасының өкілдері әлемдегі ең үлкен көрмелердің біріне қатысуға ықыласты»,-делінген хабарламада.    

Осыған қарай Австрия Республикасының Көлік, инновациялар мен технологиялар федералды министрлігінің Инновациялар мен телекоммуникациялар жөніндегі вице-министрі Андреас Райххардт Ұлттық компанияның жетекшілігімен кездесті. Австрияның бизнес-қауымдастығы «Smart Flower», «SKIDATA AG» сияқты ақпараттық технологиялар саласындағы көшбасшы-компаниялардың лидерлерінен құрылған. Еуропалық кәсіпкерлер заманауи қауіпсіздік жүйелері мен жиынға қатысушыларға билет тарату мен оларды қадағалау жүйесін қарауды  ұсынды.  

Өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының төрайымы Вера Кобалия австриялықтарға халықаралық көрмеге дайындық жұмыстары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

«Астана ЭКСПО-2017»- «Болашақтың энергиясы» дамыған елдер үшін де дамушы елдер үшін де өзекті. Бұл австриялықтардың бизнесі үшін тек қазақстандық нарықпен танысып, бірлесіп қимылдауға бағытталған мықты мүмкіндік қана емес. Болашақта бүкіл Орталық Азиялық бизнес құрылымдарымен ықпалдасудың айқын жолы»,-деді ол.

Қонақтар Астанада өтетін көрмеге үлкен қызығушылық танытты. Делегация басшысы Андреас Раххардтың айтуынша, Австрия тарапы көрмеге белсенді атсалысуға дайын. Осыған байланысты  қонақтарға көрменің слайд макеті табыс етілді.          




Яндекс.Метрика