Инфрақұрылымның дамуы

Көкшетауда Бурабай аймағында туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды

Осы жылдың 17 наурызында Бурабай аймағында туризм саласының дамуы бойынша облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы мен Сайлауалды тұғырнаманың «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша өңірлік сараптама тобының бірлескен отырысы өткізілді. Іс-шараны депутаттық фракцияның жетекшісі Әнел Ерденова ашып жүргізді, деп хабарлады «Нұр Отанның» баспасөз қызметі.
Ақмола 18 Наурыз, 15:06

Ақмола өңірінде Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту басым болуда. ЩБКА туристік қызмет көрсетуінің инфрақұрылымы 126 объектті қамтиды, олардың ішінде: 45 шипажай мекемелері және 14 балалар сауықтыру  орталығы; туристерге орналастыру орындарын пайдалануға берілетін 81 нысан, яғни 56 қонақ үйлер мен мейманханалар; 22 демалыс үйлері мен туристік базалар бар, деді  Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес туристік саласының даму көрсеткіштерінің серпіні тұрақты түрде өсуімен сипатталады. Осылайша, өткен жылғы келермендер саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда едәуір өсті, жылына 1 млн. жуық туристер келуде, - деді Шынарбек Бүркітбайұлы.

Сонымен қатар, Елбасы бастамасымен құрылған қысқы мерзімде 14 мыңнан астам келермендерді қабылдай алатын «Қазақстандық Лапландия» ойын-сауық кешені көпшілікке белгілі. Ағымдағы жылдың ақпан айында Бурабайда тұңғыш вейк-парк ашылды.

Жағымды фактілермен қатар ЩБКА туризмінің дамуында бірталай мәселелер де бар, атап айтсақ, ол қызмет көрсетулердің жоғары құны, балалар туризмі мен инфрақұрылымның дамуы.

Қатысушылар қыс кезеңінде туристерге жаңа қызметтерді ұсыну қажеттілігіне тоқталып, мысалға әлемдік жарыстарды өткізілуінің орталығына айналатын республикалық шаңғы тебу базасының құрылуын келтірді.

Туризмде мәселелер жеткілікті, ЩБКА-мен қатар өңірдің басқа да курортты аймақтарын дамыту жөн – олар Ақкөл, Бұланды аудандары, себебі Бурабай жері шамадан артық тиелуде, - деп бөлісті «ҚазМұнайГаз – Сервис» ЖШС Зеренділік филиалының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Сұлтанов.

Нарыққа сәйкес туристік бизнестің дамуы туристтерді көлікпен қамту қызметінің сапасын жетілдіру мен жоғарлатуды талап етеді. Осыған байланысты өткен шараның қорытындылары бойынша қатысушылар көрші Солтүстік-Қазақстан облысымен бірге Омбы қаласына дейін автожолдың жөндеу жұмыстарын шешу мен Көкшетау әуежайынан Қазақстанның батыс аймақтарына және Ресей қалаларына дейінгі жүйелі ұшақ сапарларын ашу туралы ұсыныстар енгізілді.

Отырыстың жұмысына «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Сайлауалды тұғырнаманың «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» бағыты бойынша сарапатама тобының жетекшісі Нартай Ысқақов, Ақмола облысы бойынша ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Жылқыбаев, облыстың және Көкшетау қаласы депутаттық корпусының өкілдері, бірқатар басқармалар басшылары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының» жетекшілігі және т.б. қатысты. 





Яндекс.Метрика