Үкімет

ҚР Үкіметі Қарағанды облысы Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданын дамыту кешенді жоспарын қарастырды

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен 2012-2020 жылдарға арналған Қарағанды облысы Жезқазған, Сатпаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарының мәселелерін қарастыру бойынша кеңес өтті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы18 Наурыз , 11:36

Келелі кеңеске орталық органдардың, Қарағанды облысы әкімдігі мен «Қазақмыс» Коорпорациясы» ЖШС өкілдері қатысты.

Аталып өткендей, алқа мәжілісінде Кешенді жоспарды жүзеге асыру барысы қаралды, оны жүзеге асыруға барлық қаржы көздерінен 351,5 млрд теңге қарастырылған. Бүгінде қомақты қаржының 33,4 млрд теңгесі игерілген.

«2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарға 88 шара енгізілген, оның ішінде 2012-2014 жылдар аралығында 13-і жүзеге асырылды», - делінген хабарламада.

Жезқазған қаласындағы және Ұлытау ауылындағы орталық аудандық ауруханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті медициналық құрал жабдықтар қосымша сатып алынды. Жезқазған қаласындағы тігін цехы жаңғыртылды және т.б.

Сонымен қатар, 2015 жылы тағы 17 шара аяқталады деп күтілуде, делінген баспасөз хабарламада.




Дерекнама

Яндекс.Метрика