Евразиялық одақ

Қазақстанның ұсынысы бойынша ЕЭК қан стенттарына салынатын бажға нөлдік төлем қойды

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметіндегі тауарлар мен бірыңғай кедендік тарифтер тізіміне өзгерістер енгізді.
Әлемде18 Наурыз , 14:03

«Қан стендтарына қатысты кедендік баж салығына нөлдік төлем 2017 жылдың 19-шы сәуіріне дейін қойылды. Осы өзгерістерді енгізу жөнінде ұсыныс жасаған қазақстандық тараптың пікірінше, аталмыш шара кардиологиялық ауруларды емдеу құнын арзандатады»,-делінген ЕЭК-ның баспасөз-баянында.

Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері Еуразия экономикалық қауымдастығына мүше елдердің Үкіметтерінің Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2013 жылдың 24-ші қазанындағы «Бәсекелестік туралы» үлгі заңына қатысты шешімін орындау жұмыстарын да талқылады. Сондай-ақ үкіметтердің Еуразиялық экономикалық комиссиясына үлгі заң туралы ережелердің өз мемлекеттеріндегі заңдарында қалай қолданылып жатқандығы туралы уақытылы  ақпарат беріліп отырғандығы айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, кардиологияда қолданылатын қан стенті жұқа метал түтікшесі. Ол зақым келген қантамырға енгізіледі де жүректі қанмен қамтамасыз етуге көп көмегін тигізеді.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика