Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Қазақстанда индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында құрылыс материалдарын өндіру көлемі артты

Қазақстанды индустрияландырудың алғашқы бесжылдығында отандық құрылыс материалдарын өндіру көлемі 114,5 миллиард теңгеге жетті.
Казахстан18 Наурыз , 11:12

Алғашқы бесжылдықта 5 ірі цемент зауыты іске қосылды. Олардың жалпы қуаты 4,7 миллион тоннаға жетті. 2014 жылы 37 жаңа өндірістер іске қосылып, отандық құрылыс материалдарының көлемі артты.

Цемент өндіру 1,6 есеге, бетон өнімдері 6,8 есеге көбейді. Бұған қоса тағы жылу сақтайтын  материалдар 2,5 есеге, пластмасса құбырлар 1,3 есеге көбейді. Сонымен қатар индустрияландыру шарасының аясында бұрын Қазақстанда болмаған жаңа құрылыс материалдарының шығарыла бастағандығын айта кету керек. Олар: метал жабынғылары, энергияүнемдеуші  әйнек қорапшалары, әйнек талшықтары және басқалар.  

Еліміздің құрылыс индустриясында 12 мың жұмыс орны ашылған.

  

 




Яндекс.Метрика