Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

СҚО-да Қытай компанияларымен бiрлесiп бұрғылау қондырғыларын өндiру жоспарланып отыр

Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов ҚР-ғы «KERUI GROUP» қытай компаниясы филиалының бас директоры Ван Цинфэнмен кездестi. Кездесу барысында тараптар жылжымалы бұрғылау қондырғыларын өндiру жобасын iске асыру жоспарын талқылады. Өндiрiстi Петропавл ауыр машина жасау зауытында iске қосу жоспарланып отыр.
Солтүстік Қазақстан18 Наурыз , 18:01

Облыс әкімдігі хабарлағандай, «ПАМЗ» АҚ бас директоры Қуаныш Бiшiмов қытайлық «KERUI GROUP» компаниясымен үш жыл әрiптестiк қатынаста екенiн атап кеттi. Зауыттың базасында 10 шақырым тереңдiкте жұмыс iстейтiн 300-650 тонналық жылжымалы бұрғылау қондырғыларының өндiрiсi басталмақ. ПАМЗ басшылығы Кеден одағы аясында дайын өнiмдi РФ-на жеткiзудi жоспарлап отыр. Жоба осы жылы iске қосылады.

ҚР-ғы «KERUI GROUP» компаниясының бас директоры Ван Цинфэн өз кезегiнде, зауытқа мұнай өндiрiсiне қажет қазiргi заманғы жоғары технологиялар жеткiзiлетiн болады деп сендiрдi.

Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов бұл жоба Солтүстiк Қазақстан облысы үшiн маңызды екенiн атап өттi және несиелiк келiсiмдердi жасауда, сондай-ақ ПАМЗ бiлiктi мамандардың құрамасын құруға қолдау көрсететiнiн атап кеттi. Жоба құны шамамен 100 миллион долларды құрайды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика