Өңірлер

Азық-түлік корпорациясы көктемгі дала жұмыстарына 5 миллиардтан астам теңге бөлді

«Азық-түлік келісім корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қазақстандық ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 5 миллиардан астам теңге жіберді, деп хабарлайды ұлттық компания өкілдері.
Казахстан18 Наурыз , 12:29

Олар таратқан ақпараттарға сәйкес, Қазақстанда азық-түлік корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден арпа мен бидайды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының кепілдігі негізінде көктемгі, жазғы қаржыландыру шараларының есебінен сатып алу бағдарламасы жалғасуда.

2015 жылдың 16-шы наурызындағы көрсеткіштер бойынша, аталмыш бағдарлама аясында азық-түлік корпорациясына еліміздің әр аймақтарындағы аграрлық сала өкілдерінен 10 миллиард теңгеге  1 мың 200-ден астам өтініштер түсті.   

«Оларды қарау нәтижесінде бүгінге дейін егіс көлемі 1 миллион 290 мың гектар болатын 1 мың 151 өтінішті  7,7 миллиард теңгеге қаржыландыруды мақұлдау жөнінде шешім қабылданды. Олардың арасында Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларының кепілдігі негізінде 5,3 миллиард теңгеге 750 өтініш түсіп, олар азық-түлік корпорациясы тарапынан қаржыландырылды»,-делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бағдараламаны қаржыландыруға 17 миллиард 650 миллион теңге бөлінген. Келісім бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өздерінің міндеттемелерін 2015 жылдың 1-ші қарашасына дейін орындаулары керек. Өз міндеттерін олар астықты азық-түлік корпорациясының құзырлы  нан қабылдау кәсіпорындарына өткізу арқылы да өтей алады.  

  

 

 




Яндекс.Метрика