Адамзаттық капитал

Павлодар облысының құтқарушылары ҰОС-тың тыл ардагеріне барды

«ӨСжАҚЖҚ» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару және сынақ өрт сөндіру зертханасы орталығының, Кәсіби дайындық мектебінің қызметкерлері тыл ардагері Тищенко Евдокия Тимофеевнаға кіріп шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Павлодар18 Наурыз , 17:11

Евдокия Тимофеевна Павлодар облысының өрт сөндіру гарнизонында 17 жыл диспетчер болып жұмыс істеген.Соғыс басталған кезде, кішкентай Евдокия 10 жасқа толған болатын. Бұл уақытта оның отбасы Полтавщинада тұрды. Туған күнінен кейінгі келесі күні соғыс басталды.

«Соғыс кезінде жас балалардан бастап қарт адамдарға дейін барлығы жұмыс істеді», - деп еске алады ардагер.

Одан кейін қорқынышты жаулап алу жылдары басталды. Бұл туралы Евдокия Тимофеевна айтудан, ал соңғы жылдары, тіпті еске алудан бас тарды. Өткен жылдар жаулап алу аумақтарында еріксіз болған адамдардың ауырпашылықтарын жадыдан өшірген жоқ.

Бірақ, соғыс аяқталғаннан кейін, колхоздардағы жұмыс кеміген емес. Соғыс жылдарынан кейінгі ұрпақтардағыдай, оның балалық шағы да қиын уақытқа, құлдырауға және аштыққа ауысты. Майданда жеңісті жақындатқан, және майданға еңбек еткен қарапайым адамдардың иықтарына қаншама қиындықтар түсті. Мемлекетіміз соғысты басынан өткізіп, жеңіске жетті.

Бүгін тыл еңбекшісі 84 жаста, өкінішке орай, ол денсаулығына байланысты, соғыс және тыл қатысушыларына арналған іс-шараларға қатыса алмады. Міне, содан кейін қызметкерлер ардагердің рұқсатымен үйіне өздері келді.

Ардагерге сыйлықтармен, гүлмен келді, қызметтің жұмысы туралы айтып берді, жаңа өрт сөндіру техникасының және жауынгерлердің киімдерінің сурттерін көрсетті. Бұл кездесу Евдокия Тимофеевнаны қуантты. Кездесу соңында тұрақты түрде келіп тұруға уәде берді. Қандай да бір көмек болған жағдайда хабарласу үшін, өздерінің байланыстарын тастап кетті.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика