Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Трансформациялау бағдарламасының жүзеге асуы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ны әлемнің ірі компанияларының қатарына шығарады – Ө.Шөкеев

«Самұрық –Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ө. Шөкеев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А. Мамин, The Boston Consulting Group кеңесшілері қатысуымен өткен отырыста «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ стратегиялық маңызды жұмыс көрсеткіштері – бизнесті трансформациялау аясында компанияны тиімді басқарудың жаңа жүйесі айтылды.
Астана қаласы18 Наурыз , 10:09

Отырыс барысында  «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін атқарудағы маңызды көрсеткіштерді атқара отырып пайдалы жұмыс коэффициентін жасақтау, тапсырыс иелерінің сұранысын қанағаттандыру (жолаушылар мен жүк жөнелтушілер, экспедиторлар), қозғалыс қызметі қауіпсіздігін көтеру   әдістері арқылы  шығындарды азайту жайы қаралды, деп хабарлады Ұлттық компания.

Пайдалы жұмыс коэффициентіне негізделген тиімділікті басқарудың жаңа жүйесі компанияның жұмысын ортақ мақсатқа жұмылдырады. Оның ішінде өндірістік тиімділікті барынша максималды пайдалану, өндірістік үдерістерді басқару, шығындарды азайту, сұраныс иелерінің тапсырысына бейімделуді көтеру қарастырылады.

Әрбір еңбеккердің ПЖК компанияның стратегиясын атқару мен оған жекелей де ұжымдық та жету көрсеткіші нәтижесіне тікелей байланысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасына байланысты компания Дара акционерінің талаптарын орындай отырып, бизнесті жүргізудің әлемдік үздік тәжірибелерін меңгеріп Қазақстанның тиімділігі жоғары трансұлттық корпорациясына айналуы тиіс.

Компанияның жаңа ПЖК көшуі тапсырыс иелеріне барынша сапалы қызмет көрсетуге  маңыз береді. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін басқару тиімділігі жақсарады. Ал, акционері («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) үшін – ірі еншілес кәсіпорнының актив құны көтеріледі. Сапалы, уақытында және қауіпсіз көліктік логистикалық қызмет көрсету арқылы мемлекеттің экономикалық дамуына қолдау көрсетіледі.

Қатысушылар арасында аталмыш жайға байланысты қызу талқылау жалғасты. Әрбір көрсеткіштер теміржолшылар мен сарапшылар тарапынан жан-жақты талданды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ө. Шүкеев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А. Мамин  кеңінен тоқталды.

 




Яндекс.Метрика