Ұлтаралық бірлік

Батыс Қазақстанда «Бір халық- бір ел - бір тағдыр» патриоттық акциясы өтті

Орал қаласында «Бір халық- бір ел - бір тағдыр» патриоттық акциясы өтті, деп хабарлады БҚО-ның Ішкі саясат басқармасы.
Батыс Қазақстан19 Наурыз , 09:08

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтары және қаланың студент жастары қатысты.

Қаланың шығармашылық ұжымдары бірлесіп өткізген салтанатты кеште этномәдени орталықтар өз өнерлерін көрсетті. Олар тағы бір рет Орал маңы жерінің қаншалықты көркем екенін көрсетті.

«Батыс Қазақстан облысында өмір сүретін 90 этностың  ұлттық мәдениетін сақтап, оны одан ары дамытуы үшін барлық жағдай жасалған. Бүгінде Ассамблея мұрагерліктің жарқын үлгісіне айналды, оның жанынан ашылған жастар қанаты әр оқу орнында достық клубтарын ашуды ұсынды. Бұл бастама өз қолдауын тауып, енді облыстың барлық білім ошақтарында біртіндеп ашылуда», - делінген хабарламада.

Акцияға қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының арқасында өз мәдениетін одан ары дамытуға мүмкіндік алғанын бір ауыздан мақұлдады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика