Адамзаттық капитал

Талдықорғанда 52 соғыс ардагеріне пәтер беріледі

Наурыз меркесінің қарсаңында Ұлы Жеңістің 70 жылдығын орай, Талдықорған қаласының ардагерлеріне пәтер кілттері табыс етіледі, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігінен.
Алматы18 Наурыз , 14:34

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық  қарқынды жүріп жатыр. Талдықорған қаласында Ұлы Отан соғысының 52 ардагеріне 19-шы наурызда жаңа пәтерлердің кілттері табыс етіледі.   

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, пәтер кілттерін табыс ету салтанаты «Жұлдызды 70 күн» кеңауқымды облыстық акция аясында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш акция аясында Алматы облысының қалалары мен бірқатар аудандарында  көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Алматы облысының қалалары мен аудандарындағы ҰОС-ның ардагерлерін баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса беретін болады.    

 

 




Яндекс.Метрика