Адамзаттық капитал

ҰОС ардагерлері - қазақстандық жас буын өкілдеріне рухани бағыт - Н.Мырзақаев

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлері ҰОС қатысушы Виктор Ничаевтің үйіне барып, арнайы сый-құрмет көрсетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Маңғыстау18 Наурыз , 10:56

Ақтау қаласында ҚР ҚК әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қаланың құрметті азаматы, Маңғыстау облысындағы мұнай өңдеу саласында еңбек сіңірген қызметкерВиктор Ничаевтің үйінде болып, ардагерді Жеңістің 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Майдангер жас сарбаздарға отанды фашистік басқыншылардан азат ету өз өмірінен де маңызды болғандығы жөнінде әңгімелеп берді.

«Біздің майдангерлер – ерлік пен батырлықтың ерен үлгісін көрсетті. Бабаларымыз жасаған қаһармандықтың бағасы өлшеусіз. Олар қазақстандық жас буын өкілдеріне – Жеңістің мұрагерлеріне басты рухани бағыт болуы тиіс» - деп атап өтті Нұрсұлтан Мырзақаев.

ҚР ҚК ӘТК әскери қызметшілері ардагерге теңізшілер атынан естелік сыйлықтар мен құттықтау хаттар табыс етті. Бұл орайда, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге сый-құрмет көрсетуге Қарулы Күштер тарапынан ерекше көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында әскери қызметшілер майдангерлерге арнап әлеуметтік акциялар, мәдени іс-шаралар, естелік сыйлықтар тапсыру мен дәстүрлі қолдау жұмыстарын ұйымдастыруда.

 




Яндекс.Метрика