Адамзаттық капитал

Наурыз – адам мен ұлтты жақындастыратын мейрам – ҚР Ұлттық музейінің директоры

Ең бастысы Наурыз мейрамы – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындатып, табыстырып, бір мүдде аясына ұйыстыратын мереке, деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай.
Астана қаласы 18 Наурыз, 09:08

Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің  Комитет басшылары,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары, мәдениеттанушылар және ғылым докторлары қатысты, деп хабарлады Ұлттық музей.

 «Наурыз – жаңарудың белгісі. Наурыз – жыл басы. Сол себепті қазақ Ұлыстың ұлы күні деп атап, Наурызды жалпыхалықтың деңгейде тойлайды. Ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің деректеріне сенсек, Наурыз мейрамы Нұх пайғамбар заманынан бастау алады. Осы себепті Наурыз егеменді еліміздің ең ұлағатты да мәртебелі мейрамының бірі ретінде саналады», - Д.Мыңбай.

Музей директоры биылғы Наурыз ерекше мейрам болатындығын атап көрсетті.

«Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы, Конституцияның 20 жылдығымен қатар келгелі тұр. Сондықтан атаулы мемлекеттік даталармен сабақтаса мерекеленетін Наурыз нағыз халықтық сипатқа ие болады. Бұл үшін не істеу қажет? Наурыз мейрамы әрбір қазақстандықты рухтандыратын тарихи элементтері қамтылып, бүгінгі күнмен сабақтастырып, «Мәңгілік Елге» алған бағыт-бағдарамыз жайлы көріністер орын алғаны абзал», - деді ол.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар  үндеу жариялады. Үндеу арқылы «Біз біргеміз! Мы вместе!» акциясын қолға алып, мейрам күндері көршілерді, әріптестерді  мерекелік дастарханға шақырып, төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды ұсынды.

 





Яндекс.Метрика