Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстандағы Президент сайлауында ШЫҰ-ның бақылаушылар миссиясын Бас Хатшы Д.Мезенцев басқарады – ҚР СІМ

Өткен аптада Бейжің қаласында Шаңхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (ҰҮК) отырысы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде18 Наурыз , 08:53

Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері осы жылғы  9-10 шілде кезеңінде Үфа қаласында жоспарланған кезекті Мемлекет басшыларының саммитіне және 2015 жылғы басқа да іс-шараларын дайындау сұрақтарын қарастырды.Ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясының жобасын әзірлеу және Ұйымды кеңейту туралы пікір алмасты.

«Сонымен қатар, тараптар 2015 жылғы 29 наурыздағы Өзбекстан Республикасы және 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президент сайлауына қатысатын ШЫҰ-дан Бақылаушылар миссиясын құру мәселелерін талқылады. ШЫҰ Бас Хатшысы Дмитрий Мезенцев Қазақстандағы Президент сайлауында ШЫҰ-ның бақылаушылар миссиясын басқарады», - делінген хабарламада.

ҰҮК отырысында Қазақстан делегациясын ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Айдар Әбішев басқарды.

Отырыстың қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.




Яндекс.Метрика