Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан-Австрия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті – ҚР СІМ

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың және Аустрия Республикасының Ғылым, зерттеу және экономика Федералды вице-министрі Бернадетте Гирлингердің тең төрағалығымен Қазақстан-аустриясауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 6-отырысы өтті.
Астана қаласы17 Наурыз , 18:23

ҚР СІМ хабарлағандай, отырыс барысында тараптар екіжақты күн тәртіптің өзекті мәселелерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасының экономикалық ахуалы, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашақ мүмкіндіктері бойыншы дәстүрлі түрде пікір алмасты.

Күн тәртіптің арнайы бөлігі ретінде Аустрия Республикасы Экономика, отбасы және жастар бойынша Федералды министрлігі мен Қазақстан Республикасы Инвестициалар және даму бойынша министрлігі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасы шеңберінде басымды жобалардың жаңартылған тізімі талқыланды.

Делегациялар, сонымен қатар, қазақстан-аустрия ынтымақтастығының энергетика, қоршаған ортаны және табиғатты қорғау технологиялары, көлік және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және медициналық техника, жоғарғы білім беру және өңіраралықынтымақтастықты дамыту салаларындағы өзекті мәселелерді мен мүмкіндіктерді талқылады.

Комиccия отырысының шеңберінде қазақстандық тарап «ЭКСПО-2017» жобасының және ҚР ресми көмек көрсету тұжырымдамасының тұсау кесерін өткізді.

ҮАК 6-отырысы қарсаңында тараптар екі ел бизнес делегацияларының қатысуымен Қазақстан-аустрия іскерлік кеңесінің кезекті кездесуін, Гидроэнергетика және медицина бойынша жұмыс топтары шеңберінде сарапшылар консультацияларын өткізді.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар кезекті Қазақстан-аустриясауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 7-отырысын келесі жылы Вена қаласында өткізуге келісті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика