Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Маңғыстау облысының жастары Президенттік сайлауды қолдауға арналған постерлар байқауына қатысады (ФОТО)

Маңығыстау облысының жастары Президент сайлауын қолдауға арналған «Сенің даусың-сенің болашағың» атты республикалық постерлар байқауына қатысады.
Маңғыстау 17 Наурыз, 17:51

Бұл туралы жастар ұйымдарының көшбасшылары Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында мәлім етті. Аталмыш шара еліміздің барлық аймақтарымен онлайн режимінде ұйымдастырылды.  

«Маңғыстау облысының жастары осы байқауға қатысуға ниетті. Байқау интернет-кеңістігінде өтетіндігімен ерекше. Қазіргі таңда жастардың барлығы интернеттен көз алмай жағдайды бақылап отыр. Бұл еліміздің әрбір азаматына өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін паш етіп, азаматтық ұcтанымын білдіруге, сөзден іске көшуге жасалған тамаша мүмкіндік. Біз қазақстандық жастарды патриоттық рухта тәрбиелейтін осындай идеяларды қолдаймыз»,-деді «Елтану KZ» қоғамдық қорының директоры Бекболат Төлегенұлы.

Облыстың белсенділері әрбір жасқа байқаудың идеясын әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы жеткізіп, Каспий теңізінің жағасында кездесу өткізбекші.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2015 жылдың 26-шы сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауының қарсаңында елімізде «Сенің даусың-сенің болашағың» атты  постерлердің байқауы басталады. Байқау «EL.kz» әлеуметтік желісінің базасында өтеді.

 

 





Яндекс.Метрика