Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Бүгінде ел тарихында мыңызды кезең және әркім өз таңдауын жасауы керек – Қонарова

Қазақстандық продюсер Алуа Қонарова ОКҚ-да президенттік сайлауға қолдау көрсету аясындағы республикалық байқауға бастау беруге арналған баспасөз конференциясында барлық қазақстандықтарды 2015 жылы ҚР Президенті сайлауына қатысуға шықырды.
Астана қаласы17 Наурыз , 17:01

EL.kz алаңында барлық қатысушылардың сайлауға қатысуға шақыру туралы жұмыстары қабылданып, жарияланатын болады. Әділ-қазы алқасын қазақстандық продюсер Алуа Қонарова басқарады, ол өзінің тобының мысалында  сайлау компаниясының қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге тырысты.

«Мен талантты ұл, қыздарды өсіремін, оларға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасаймын. Алайда оларды өсірмей тұрып таңдау жасатамын.  Әр адамның өмір бойы таңдау жасауына тура келеді десе болады, бүгінде  ел тарихында мыңызды кезең және әркім өз таңдауын жасауы керек, біз әр азаматтың сайлауға қатысқанын қалаймыз», - деді продюсер Алуа Конарова.

Продюсерді шоумен Нұрлан Албан қолдады.

«Мен барлық әріптестерімді, журналистерді, жастарды  сайлауға қатысуға шақырамын – бұл біздің болашағымыз. Қуаныштысы сол, Қазақстан бойынша шалғайдағы жастарда онлайн функция арқылы дауыс беруге қатыса алады», - деп толықтырды Алматыдағы баспасөз-конференциясында әнші Нұрлан Албан. 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 26 сәуірінде елмізде өтетін  Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына орай «Сенің дауысың – сенің болашағың» республикалық байқауы басталды. Сайысты «Қаламгер азамат» жас журналистер қоғамдық қоры мен Қазақстан суретшілер одағы, ІТ компаниялар қауымдастығы «Қазконтент»АҚ ақпараттық қолдауымен ұйымдастырды. 




Яндекс.Метрика