Адами капитал

Әскери парадқа даярлық барысында далалық лагерь құрылды (Фото)

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери парадқа дайындық белсенді жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 17 Наурыз, 19:53

Биылғы парад бұрын өткізілген шерулерге қарағанда анағұрлым ауқымды болмақ. Парадқа жеке құрамнан 5000-нан астам адам, 220-дан аса әскери техника мен 85 ұшу аппараты қатысады. Мазмұндық құрылымына қарай парад тарихи және заманауи екі бөлімнен тұрады.

Тарихи бөлімде Ұлы Отан соғысы уақытындағы әскери техникалардың 36 үлгісі іске қосылады. Олардың ішінде саны 27 әскери техника және қару-жарақ (Т-34 танкі, ЗИС-2 зеңбіректі және М-30 гаубицалы ЗиЛ-157, танымал БМ-13 РС-30 «Катюша» және «Максим» пулеметі), сондай-ақ 9 ұшу құрылғысы (АН-2 және TL-2000) бар.

Әскери парадтың тарихи бөлімінде механикаландырылған саптан өзге жаяу парадты әскердің қатысуы жоспарланған. Қазақстандық әскери қызметшілер Қызыл армия нысанындағы киім үлгілерін киіп, жадағай-шатырлары мен қаруларын асынып өтеді.

Тарихи парад төрт парадтық есепте көрсетіледі. Парадқа қатысушылар жалпы саны 24 парадтық есепті (қорап) құрайды, олардың екі тобы әскери қызметші қыз-келіншектерден тұрады. Бір парадтық есеп 154 адам құрайды. Әскери парадты Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері бастап өтеді. Мектептің 80 тәрбиеленушісі парадтың тарихи және заманауи бөлігінде айтулы топтармен бірге адымдайды.

Қазіргі уақытта Астана қаласында парадқа қатысушыларға арналған далалық лагерь құрылуда. Оның аясында палаткалардан жасалған қалашықты орналастыру  және аумақты дайындау жұмыстары жүргізілді. Қазір далалық лагерь аумағында асхана, жуынатын орын, тұрмыстық қамтамасыз ету бөлмесі, медпункт және казармалық қор жасақталды.

Далалық лагерь электр қуатымен және жылумен қамтылып, бірлескен медициналық пункт және жылжымалы санитарлық-эпидемиологиялық зертханалар орналастырылды. Сонымен қатар, жеке құрамға арналған орындар мен сахналанған далалық амфитеатрды жабдықтау қамтамасыз етіледі. Бүгінде елордаға парадқа қатысатын әскери техникаларды әкелу жалғасуда. ҚР ҚК Әскери полиция бас басқармасы жергілікті атқарушы және құқық қорғаушы органдармен бірлесіп жаттығу кестелері және әскери парадтың басты дайындығын өткізу орындары жөнінде келісуде.

 





Яндекс.Метрика