Ұлтаралық бірлік

Б. Сапарбаев: Әр адамның әл-ауқатының артуы мемлекеттегі тұрақтылыққа, бейбітшілік пен келісімге тәуелді

Әр адамның әл-ауқатының артуы мемлекеттегі тұрақтылыққа, бейбітшілік пен келісімге тәуелді. Бұл туралы «Қазақстан халқы әдебиеті және ұлттық сәйкестік» атты конференцияда ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Cапарбаев хабарлады.
Астана қаласы 17 Наурыз, 16:29

«Осыдан 23 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің тәуелсіздігінде маңызды рөл атқарды. Қазiргi таңда тек қана бiздiң ұлт, бiздiң мемлекет үшiн ғана емес, бүкiл әлем үшiн зор маңызға ие. Бүгінде Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкiлiнен тұратын 17 млн халық өмiр сүредi. Сондықтан елiмiзде тұрып жатқан барлық халықтарға тарихын, мәдениетiн, салт-дәстүрлерiн ұмытпау үшiн жағдай жасалынуы керек», - деді ол. 

Сонымен қатар, Б. Сапарбаев атап өткендей, әрбiр халықтың әл-ауқаты, тұрмысы оның экономикасына байланысты болады, ал экономиканың дамуы үшiн сол мемлекетте тұрақтылық, келiсiм, тату-тәттi өмiр болуы керек. «Бiздiң Елбасының саясатының арқасында 23 жылдан берi көпұлтты Қазақстанда ешқандай қантөгiс, соғыс болған жоқ. Соның арқасында экономикамыз дамып, халқымыздың әл-ауқаты, тұрмысы күннен-күнге жақсарып келедi. Қазiрде әлемде дағдарыс болып жатыр, бiрақ Қазақстан халқы, жақында Мемлекет басшысы айтқандай, дағдарысты сезiп отырған жоқ. Осының барлығы ең бiрiншi елiмiздегi тұрақтылық пен келiсiмнiң нәтижесi», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш конференция Қазақстан халықтарының көп тілді әдебиетін дамытуға бағытталды

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика