Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Маңғыстау облысының ҚХА-сы қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырады

Ақтауда Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясының «Біз Қазақстан халқымыз» акциясы өтті. Шараға 1,5 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Маңғыстау18 Наурыз , 09:24

«Қазақ халқында «Теңіз тамшыдан құралады» деген мақал бар. Осы айтқандай, елдің болашақ тағдыры біздің бәріміз бен әрбіреуіміздің шешімімізге байланысты. Өйткені елдің ертеңі бүгіннен қаланады. Бәріміз Қазақстанның тарихын жасау үстіндеміз, осы ауызбіршілігіміз жасампаздық пен бейбітшілікке, татулық пен ынтымақтастыққа бағытталған бауырластық ретінде Қазақстан жылнамасына енеді деп сенемін»,-деді «Булгар» татар этномәдени орталығының төрайымы Зульфия Бернеева.

Сондай-ақ «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юсуп Шахшаев, Абай атындағы МДК-нің бас директоры Юрий Дирр, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің жастар қанатының өкілі Грета Хачатурян халықты сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды.

Акцияның соңы патриоттық әндер орындалған концерттік бағдарламаға ұласты.




Яндекс.Метрика