Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанда президенттік сайлауды қолдауға арналған «Сенің таңдауың – сенің болашағың» атты постерлер байқауы жарияланды (ФОТО)

Қазақстанда ҚР Президентінің сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді, шараға орай жалпыреспубликалық «Сенің таңдауың – сенің болашағың» тақырыбындағы постерлер байқауы жарияланды. Бұл туралы Алматыда өткен ОКҚ брифингінде мәлім болды.
Алматы қаласы 17 Наурыз, 16:25

Байқау «Қаламгер азамат» жас журналистер қоры, Қазақстан суретшілер одағы, IT компаниялар қауымдастығы және «Казконтент» АҚ ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Аталғандай, әрбір қалаған адам ҚР Президенттігіне үміткер болған кандидатқа деген ықыласын өзінің авторлық жұмысында көрсете алады. Осындай шара арқылы ұйымдастырушылар 2015 жылы өтетін сайлауға қатысуға қызығушылықты арттыруда.

«Мен әлеуметтік желілерде белсенді отырамын. Менің жеңісім маған интернет арқылы дауыс беру бойынша келді. Акция туралы мен достарыменан естідім, өте жақсы бастама, мен өз постерімді таныстыруға әзірмін. Мен барлық қазақстандық жастарды постерлер акциясына қатысуға шақырамын», - деді телекөпір кезінде Х-Фактор байқауының жеңімпазы Евгений Выбблов.

«Қызмет көрсету аясында біз байқау жұмыстары мен қолданушылардың дауыс беруін де қарастырдық. Байқаудың басты міндеті  ұсынылған жұмыстарда барынша ашықтықты көрсету, ең жоғары  ұпай жинағандарға әділқазылар алқасы дауыс береді», - деді «Казконтент» АҚ медиажобалар бойынша атқарушы директоры  Диас Есдәулетов.

Айта кетерлігі, байқау «EL.kz» әлеуметтік желісі базасында өтеді, байқау аясында порталда қатысуға онлайн өтініш беруге болады, материалдарды жүктеу және онлайн дауыс беру қызметі де қарастырылған.

Байқау 3 кезеңнен тұрады, ол 2015 жылдың 17-20 сәуірі аралығында өтеді. Бірінші кезең: байқау жұмыстарын қабылдау 15-17 сәуір аралығында өтеді. Екінші кезең 5 күнге созылады, әділқазылар алқасы 17-19 аралығында өтініштерді қарайды,  қорытынды кезең  - 20 сәуір, қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.


Жұмыстар көлемі 5 мегабайтты құрайтын JPEG, PNG, PDF, BMP пішінінде жіберілу қажет.Байқауға қатысты барлық сұрақтарды news@el.kz электронды мекен-жайына немесе Орынбор 8 ,Министрліктер үйі  көшесінде орналасқан «Казконтент» АҚ мекемесіне жолдай аласыздар. Ақпаратты сонымен қатар +7 (7172) 798206, +7 7018889663, +77012150091 алуға болады. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика