Ұлтаралық бірлік

ҚХА-ның 20 жылдығына орай өткен конференцияда Қазақстан халқының көптілді әдебиетін дамыту мәселесі сөз болды

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Халық әдебиеті және ұлттық теңдік» тақырыбында конференция өтті.
Астана қаласы17 Наурыз , 16:11

Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Конференция барысында оған қатысушылар Қазақстан халқының заманауи көптілді әдебиетін дамыту, қазақтардың Қазақстан халқын біріктіруші күш ретіндегі рөлі және Нұрсұлтан Назарбаевтың төзімділік пен қоғамдық келісімінің қазақстандық үлгісі және Ассамблея институтының ерекшелігі сияқты мәселелер сөз болды.  

«Қазақстанда дағдарыс жоқ. Бұны біз бүгін айқын сезініп отырмыз. Ол туралы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты және мұндай жағдай еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің арқасында мүмкін болып отыр. Біздің ұлтымыздың кім екендігіне қарамастан, біздің барлықтарымыз қазақстандықтармыз және Мемлекет басшысы биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Осыған қарай, биыл Ассамблеяның 20 жылдығы атап өтіледі. Оған қатысты жоспарды комиссия бекітті. Осыған қарай өткен жылдан бастап, ҚХА-ы хатшылығы Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы идеяға арналған тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар ол осындай конференцияның ұйымдастырылып отырғаны үшін алғысын білдірді.

«Бүгін М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты депутаттардың, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен осындай конференция өткізуде және бұл өте дұрыс. Біріншіден, бұны біздің өзіміз білуіміз керек, екіншіден, біз өзіміздің тарихымыз мен әдебиетімізді, мәдениетімізді өскелең ұрпаққа жеткізуіміз керек. Сол себепті мен конференцияны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіре отырып, оның жұмысына сәттілік тілеймін»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары.   

Атап өтетін мәселе – М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты 2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына дайындық барысында Қазақстанда тұратын этностардың фольклоры, әдебиеті мен өнеріне терең зерттеу жүргізіп, бірқатар ұжымдық монографиялар шығарған.   

Пленарлық отырыстың соңында ғалым-жазушы Уәлихан Қалижанның жетекшілігімен М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының 10 жаңа жұмысының тұсауы кесілді. Олардың арасында «Қазіргі заманғы мәдениеттегі жалпыадамзаттық құндылықтар», «Қазақстандағы қазіргі заманғы фольклор», «Қазақстанның әдебиеті қазіргі заманда», «Қазақстан халықтарының музыка өнері», «Қазақстан халқының әдебиеті», сияқты бірқатар ұжымдық монографиялар бар.  

Индира Кауметова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика