Мәдениетті жаңғырту

ШҚО-да Абайдың мерейтойына орай 170-шақырымға созылған «Семей-Жидебай» жаяу марафоны өтеді

Ұлы Абайдың мерейтойына арналған «Абай тойы-халық тойы» атты шаралары ШҚО-ның Абай ауданында ағымдағы жылдың тамыз айының 3 мен 9 аралығында өтеді, деп хабарлады Ақпараттық орталық.
Шығыс Қазақстан18 Наурыз , 10:24

2015 жылы қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы аталып өтті. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының кіші отанында 20-дан астам шара өткізілді.

«Мерейтойды атап өту аясында  ағымдағы жылдың 3 мен 9 тамыз аралығында «170-жас Абай Құнанбаев  170 шақырым» жаяу марафонын «Семей-Жидебай» бағыты бойынша өткізу жоспарлануда. Семейден Жидебайға дейінгі жолдың ұзындығы 170 км болатыны тегін емес. Марафон барысында елдімекендерде ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылатын болады», - делінген хабарламада.

Негізгі шаралар кешені аясында «Абайдың жолымен» кітабының таныстырылымы өтеді, сондай-ақ «Қазақта Абай дара, Абай дана» атты поэзиялық мүшайра жарысы, «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп ...» республикалық ақындай айтысы, «Армысың, Абай ұрпақтары!» форумы өтеді.




Яндекс.Метрика