Адамзаттық капитал

Ақмолалық оқушылар Кореяда өткен ғалымдар байқауында күміс пен қоланы жеңіп алды

Ақмолалық оқушылар Кореяда өткен халықаралық «Жас ғалым» байқауында күміс және қол медальдарды жеңіп алды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 18 Наурыз, 12:08

 «Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен халықаралық «Жас ғалым» байқауында Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның 10-11 сынып оқушылары өзара бәсекеге түсті. Байқаудың мақсаты – зерттеу қызметімен айналысып жүрген оқушылардың интелектуалдық деңгейін көтеріп, бойларындағы шығармашылық қасиеттерін шыңдау,-делінген хабарламада. 

«Жас ғалым» атты бірінші  халықаралық байқауда сайысқа түскен Қазақстан құрама командасының 208 мүшесі бар, оның 5-уі Ақмола облысынан.  Байқаудың қорытындысы бойынша, Ақмола облысынан барған Мөлдір Аманжолова мен Зарина Айгужинова 2-ші және 3-ші орындарды жеңіп алды.  

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика