Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қаңтар-ақпан айларында Астананың бөлшек сауда айналымы 3,6 пайызға артты

2015 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 92805,3 млн. теңгені құрады және 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда салыстырмалы бағада 3,6%-ға артты, деп хабарлады Астана қаласының статистика департаменті.
Астана қаласы18 Наурыз , 08:35

«2015 жылғы қаңтар-ақпанда зат, аралас және азық-түлік тауарлары базарларының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардың сауда айналымы 29198,6 млн. теңгені құрады, бұл салыстырмалы бағамен есептегенде өткен жылғы сәйкес кезеңнен 5,3%-ға жоғары», - делінген хабарламада.

2015 жылғы қаңтар-ақпанда ресми тіркелген кәсіпорындардың бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 63606,7 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы сәйкес кезең деңгейінен  салыстырмалы бағамен есептегенде 2,9%-ға жоғары.

Көтерме сауда желісі арқылы 2015 жылғы қаңтар-ақпанда 392774,7 млн. теңге сомасына тұтыну  тауарлары мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер сатылды, бұл өткен жылғы сәйкес кезең көлемінен 18,3%-ға жоғары.

Қоғамдық тамақтандыру қызметі 3957,1 млн. теңге сомасына көрсетілді, бұл 2014 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 1,6%-ға жоғары.

Автомобильдерге, мотоциклдерге  техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет көрсету көлемі 718,0 млн. теңгені құрады, бұл  2014 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 20,7%-ға жоғары.

 

 




Яндекс.Метрика