Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2015 жылдың қаңтар-ақпанында Астана қаласының өнеркәсіп кәсіпорындары өнімінің көлемі 39 млрд теңгені құрады

2015 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімінің көлемі (тауарлар, қызметтер) 39,0 млрд. теңгені құрады, 2014 жылғы қаңтардағы деңгейге қатысты алғанда 2015 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі индексі 113,6% болды, деп хабарлады қаланың статистика департаменті.
Астана қаласы17 Наурыз , 20:09

«Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2014 жылғы қаңтар-ақпандағы деңгеймен салыстырғанда 20,3%-ға өсті және қолданыстағы бағамен 26,6 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі өзге де металл емес минералды өнімдерді өндіруде, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде байқалады», - делінген хабарламада.

Тамақ өнімдері өндірісінде нақты көлем индексі 99,2%-ды құрады. 2014 жылғы қаңтар-ақпандағы деңгеймен салыстырғанда шұжық өнімдерін өндіру 16,9%-ға қысқарды. Сонымен қатар, макарон өндіру 29,6%-ға, тәттінан мен кондитерлік өнімдер өндіру 12,6%-ға өсті.

Құрылыс индустриясы кәсіпорындарымен тауарлы бетон (197,3%) өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді. Машина жасауда өнімнің нақты көлемінің төмендеуі машиналар мен жабдықтарды жөндеу мен орнатудың қысқаруына қатысты (61%) орын алды.

2015 жылғы қаңтар-ақпанда электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнім (тауар, қызмет) көлемі 11,4 млрд. теңгені құрады, 2015 жылғы қаңтар-ақпандағы нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-ақпанға қатысты алғанда 99,3% болды.

2015 жылғы қаңтар-ақпанда сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда қызмет көлемі 2014 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 3,1%-ға азайып, 1,1 млрд. теңгені құрады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика