Мәдениетті жаңғырту

Көкшетауда «Туған жер» тақырыбында сурет көрмесі өтуде

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «Туған жер» тақырыбына арналған сурет көрмесінің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола18 Наурыз , 09:54

«Шараның басты мақсаты патриоттық тақырыпқа түсірілген ашық әрі әдемі суреттер арқылы жастардың туған жерге деген патриоттық сезімін  қалыптастыру, құндылықтарды бойларына сіңіру, насихаттау», - делінген хабарламада.

Көрмеге көкшетаулық суретшілер  Валентина Отт, Вячеслав Губанов, Әсем Сабырова, Вячеслав Пель, Евгений Фураев, Нұржан Юмашев, Диас Қанапянов, Виталий Фураев, Илья Шакиров, Игорь Жуков, Әлішер Бакыт және Андрей Крыловтар өз жұмыстарымен қатысты.

 Суретшілердің аға және жас буын өкілдері сурет көрмесін өткізу туралы идеяны қуанышпен қолдады. Көкшетаулықтар мен қала қонақтары Ақмола облысының өнері мен сұлулығын паш ететін осы сурет көрмесін 30 наурызға дейін тамашалай алатын болады. 

 




Яндекс.Метрика