Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС 10 мың тонна уран өндірді – Ұлттық компания

«Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы «Орталық Мыңқұдық» кен орнында 10 мыңыншы тонна табиғи уран өндірді, деп хабарлады Ұлттық компания.
Оңтүстік Қазақстан17 Наурыз , 17:18

Кен орнын 2008 жылдан бері игеріп келе жатқан кәсіпорын уран өндіруде қазіргі заманғы ең озық технология – жер асты ұңғымалы шаймалау әдісін қолданады.«Орталық» ӨК» ЖШС өндірілген табиғи уранды тікелей кеніштің өзінде экспорттық сапаға дейін өңдейтін Қазақстандағы ең ірі уран өндіруші кәсіпорындардың бірі саналады.

Өнім алына бастаған соңғы жеті жыл ішінде кәсіпорында өндірістік жоспарларды орындап, үздік көрсеткіштерге қол жеткізе білген жоғары білікті мамандар ұжымы қалыптасты.

Айта кетейік,  «Орталық» ӨК – әлеуметтік бағыты айқын компания. «Орталық Мыңқұдық» кенішінде еңбек ететін қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында өңір тұрғындарына басымдық берілетіндіктен кәсіпорын қызметкерлерінің негізгі бөлігін солар құрайды. Қазіргі кезде «Орталық» ӨК» ЖШС-де 513 қызметкер болса, соның 382-сі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары.

 




Яндекс.Метрика