Басқару

Қызылордада мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі талқыланды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда18 Наурыз , 09:39

«Кеңеске Қызылорда облысы бойынша көлікті бақылау инспекциясының, денсаулық сақтау басқармасының, аудандық ішкі істер бөлімінің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Шараның негізгі мақсаты  -  мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалығы туралы мәселелерді талқылау», - делінген хабарламада.

Қоғамдық кеңестің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов мемлекеттік қызмет көрсету қазіргі кезде өзекті мәселе екендігін атап өтіп, жаңа қоғамның дамуына оның рөлінің маңызды екендігін көрсетті.   

Кеңес отырысында Қызылорда облысының Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры А.Әбибуллаева 2014 жылға атқарылған жұмыстары бойынша баяндады. Баяндамада құжаттардың қарау мерзімі мен мемлекеттік қызмет көрсетілудің деңгейі туралы атап өтті.

Сондай-ақ, кеңес отырысында облыстық кәсіпкерлер палатасының эксперті А.Каюпова мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменттің консультанты Қ.Әбілдаевтің баяндамалары тыңдалды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ең төменгі сапалық деңгейі жер қатынастары, құрылыс, архитектура салалары деп көрсеткен.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика