Адамзаттық капитал

Ақмола облысында «WorldSkills» чемпионатының үздіктері анықталды

Ақмола облысында колледж студенттері арасындағы облыстық кәсіби шеберлік байқауы аяқталды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 17 Наурыз, 20:42

 

 

 

 

«Байқауға аймақтың 22 колледжінен 50 студент қатысты.  Байқаулар аймақтағы оқу орындарының базасында өтті. Сондай-ақ оған Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты. Нәтижесінде метал жонушылар арасында «Степногорск қаласының № 2, индустриалды-техникалық колледжінің оқушысы Әділет Тәкежанов, дәнекерлеушілер арасында Көкшетау қаласының №1 қазмыт көрсету-техникалық колледжінің оқушысы Элгар Свердел,  тас қалаушылар арасында Көкшетау қаласының жоғары техникалық мектебінің оқушысы Мадияр Бүбараков, шаштаразшылар арасында Көкшетау қаласының №1 қызмет көрсету-техникалық колледжінің оқушысы Наталья Лебедева, аспазшылар арасында Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінің оқушысыВасилий Щербак,     үздік деп танылды.  Ақпараттық технологияларды басқару саласында Көкшетау қаласының жоғары техникалық мектебінің оқушылары Алишер Камешев пен Руслан Сәкенов  үздік шықты»,-делінген хабарламада.

Облыстың байқаудың жеңімпаздары «WorldSkills» чемпионатының ұлттық кезеңінде өнер көрсетеді. Олардың үздіктерінің арасынан Қазақстан құрамасы жасақталып, олар 2015 жылы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтетін олимпиадағ қатысады. Айта кетейік, «WorldSkills» чемпионаты елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы Қазақстан «WorldSkills International» ұйымына кіру туралы өтініш берген. Қазақстанның өтініші өабыл алынып, еліміз «WorldSkills International» ұйымының 70-ші мүшесі болып қабылданды.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика