EXPO-2017

ШҚО-ның 9 кәсіпорны ЭКСПО-2017 құрылысына қатысады

Аймақтағы құрылыс материалдарын, атап айтқанда, сым, цемент, тас мақталар, полиэтилен құбырларын өндірушілер ЭКСПО-2017 көрме кешені құрлысына өз өнімдерін жеткізу туралы келісті.
Шығыс Қазақстан 17 Наурыз, 19:03

Кәсіпорындарды «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бас мердігерлері - «АБК Құрылыс–1» ЖШС, «Сембол Иншаат» АҚ, «СК Базис» ЖШС, «АДС компаниясы» ЖШС және «Mabco constructions s.a» құрылыс компаниялары таңдап алды.

Ұлттық компания хабарлағандай, ЭКСПО нысандарын салу кезінде тауарлары қолданылатын өндірушілердің тізіміне мына компаниялар кірді: «Қазақсым» ЖШС (сым-тарту өнімдері), «Кемонт» ЖШС (жоғары және төмен вольтті электр жабдықтары), «Восток-Универсал» ЖШС (минералды тақталар), «Өскемен полиэтилен құбырлары зауыты» ЖШС, «Қазақцемент» ЖШС, «Полиус» ЖШС  (полиэтилен қабықшалар), «Корунд LTD» ЖШС (өрттен сақтау заттары), «Үлбі-фтор кешені» ЖШС (гипс), «Эгрей» ЖШС (керамзит).

Бұл тізім бүгін Өскемен қаласында ұйымдастырылған кездесу кезінде жарияланды. Бас қосуға облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков пен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Алмас Джаманбеков қатысты. 

«Осындай әріптестік елдегі ірі де маңызды жобаны жүзеге асыруда шағын және орта бизнесті тартуға мүмкіндік беріп, ЭКСПО-қалашығын салу барысында қазақстандық өнімдерді қолдану үрдісін қамтып, аймақтардың дамуына үлес қосады», - деді  А. Джаманбеков.

Аймақтардағы өндірушілермен кездесулер 2014 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бас мердігерлері Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласындағы өндірушілермен меморандумдарға қол қойды. Осы келісімдер аясында ЭКСПО нысандары құрлысында жалпы сомасы 56 млрд. теңгеге тең 85 отандық өндірушінің өнімін қолдану туралы келісім бар.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика