Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстандық жолдардың ақылы болуы ондағы көліктердің көптігіне және халықтың төлем қабілетіне байланысты

Қазақстандағы жолдардың ақылы болуы ондағы көліктердің көптігіне және халықтың төлем қабілетіне байланысты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Серікбай Нұрғисаев ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.
Астана қаласы17 Наурыз , 14:51

«Әзірге бұл мәселе талқылануда. Ал, қазіргі таңда алаңсыз ақы талап етуге болатын жолдардың қатарында Алматы-Қапшағай, Астана-Алматы  бағыттарын атауға болады, олар қазір толықтай жөнделу үстінде. Еліміздің Батыс өңірінде іске қосылатын жолдар Атырау-Астрахань, Ақтөбе-Махат автожолдары, енді олардың қалайша дамитынын көреміз",-деді халық қалаулысы.    

Бұл ретте ол тұрғындардың төлем қабілетін де  назарда ұстау қажеттігін ескертті.

«Бүгінде азаматтардың жалақылары елдің әр аймағында әрқалай. Егер оңтүстік, солтүстік және батыс деп қарайтын болсақ, батыстағы айлық жалақы айтарлықтай жоғары, соған қарай жергілікті халықтың да төлем қабілеті жақсы. Тағы бір мәселе көп нәрсе жолдағы қозғалыстың жиілігіне байланысты. «Мысалы Астана-Бурабай» бағыты транзитті жолдар емес, ал, Ресейге тартатын жол транзитті, яғни ондағы төленетін ақының көлемін өсіруге болады. Қалай болған күндеде  нақты жағдайды уақыт көрсетеді. Әзірге бұл мәселелердің барлығы талқылануда»,-деді депутат.  

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика