Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

С. Нұрғисаев: Қазақстанда ЖІӨ жалпы көлемінің 15-16%-ын көлік инфрақұрылымы құрайды

Бүгінде Қазақстанның көлік инфрақұрылымы еліміздегі ЖІӨ-нің жалпы көлемінің 15-16%-ын құрайды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, экономикалық реформа және аймақтық дамыту комитетінің мүшесі Серікбай Нұрғисаев ОКҚ-да.
Астана қаласы 17 Наурыз, 14:27

«Жылдам дамып келе жатқан Қытай, Иран, Ирак және Ресей елдері арқылы транзит түрінде инфрақұрылымдарға қаржы салынуда. Бұл бізге қазба байлықтарынан түсетін пайдадан кем емес қаржы табуға мүмкіндік береді. Бұл міндетті түрде орындалады, себебі әлем осы бағытта дамып келеді», - деді  Нұрғисаев.

Осы ретте, депутат атап өткендей, бүгінде логистикалық тұрғыда дамыған үш мемлекеттің тәжірибесінде жол және көлік саласынан ЖІӨ-нің 16-20% алынады. «Бүгінде Қазақстан шамамен 15-16% алуда. Ал, қазба байлықтарынан біз 40-45% аламыз. Мемлекет басшысы ШОБ өз үлесін арттырсын деген міндет қойды. Біздің жолдан түсетін пайдамыз ЖІӨ құрамында артуы керек», - деп толықтырды мәжілісмен.

Индира Кауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика