Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

СҚО-да биыл кадрларды даярлау аймақтың 12 колледжінде дуальды оқыту жүйесімен жүзеге асырылатын болады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде мемлекеттік және жеке меншіктегі әріптестік аясында дуальды оқыту жүйесін дамыту мен колледждерді сенімді басқаруға беру мәселесі сөз болды.
Солтүстік Қазақстан17 Наурыз , 15:38

Мәжілісті ашқан аймақ басшысы Ерік Сұлтанов мамандарды даярлауда дуальды жүйенің маңызды екендігін атап өтті. «Дуальды оқыту жүйесіне көшу кәсіби-техникалық білім берудегі басты мәселені шешіп, теория мен тәжірибедегі алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аталмыш жүйе оқу орындарын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттырады, себебі оқу орындарынан дайын кадрлар шығады», - деді облыс әкімі.

Әкімдік мәліметтеріне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы кадрларды дуальды оқыту жүйесі арқылы дайындау 12 колледжде жүзеге асырылады. Бұл осы аймақтағы оқу орындарының 44 пайызы.

Дуальды оқыту жүйесін енгізу мәселесі бойынша, облыстық Білім басқармасының бастығы Шолпан Каринова сөйледі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда колледждер мен кәсіпорындар арасында 1 мың 200 келісім жасалған. Дуальды оқыту жүйесімен 2 мыңнан астам студент білім алуда. Әлеуметтік әріптестер мен колледждер арасында бірлескен қимылдардың жоспары жасалды.  

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Владимир Литвиненконың пікірінше, дуальды оқыту жүйесімен кадр дайындау ісіне атсалысып жүрген кәсіпорындарға салықтық және өзгде жеңілдіктер жасау жағын қарастыру керек.    

 




Яндекс.Метрика