Үкімет

Ә.Исекешев: Қазақстанда жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі меморандумдар 54 пайызға жетті

Отандық тауар өндірушілердің мәселесі Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Астана қаласы17 Наурыз , 13:57

Бұл мәселе бойынша Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов баяндады.  Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының директорлар кеңесі қордың сатып алу туралы ережелеріне отандық өнім өндірушілерді қолдау бойынша енгізілуі тиіс өзгерістерді қолдады.

«Егер бұрындары отандық тауар өндіруші жалғыз болған жағдайда компания одан тауарды сатып алып немесе тендер ұйымдастыру қажет болатын. Енді отандық тауар өндірушіден компания тек сатып алуға мәжбүр», - деді ол.

Бұл ретте Ә.Исекешов қажетті деңгейде өнім өндірді деген себеппен «СТ-KZ2» сертификатын беруге тыйым салынғандығын жеткізді. «Бұрындары кейбір кәсіпорындар қулыққа салып, өздерінің шығындарын көбейтіп, сол арқылы осы сертификатты иемденіп жүрген. Бұйрықтың жобасы дайын, қазір ол Әділет министрлігінің қарауында жатыр»,-деді ол.     

Сондай-ақ министр әкімдіктерге республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынатын құрылыстарға отандық тауарлардың қаншалықты пайдаланылатындығына мониторинг жүргізу жөнінде ұсыныс жолданғанын айтты. «Ал 2016 жылдың 16-шы наурызындағы жағдай бойынша, жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі меморандумдардың орындалуы 54 пайызды құрады. 750 миллиард теңгеге 3 мыңнан астам келісімдер жасалды. Олардың 6-уы «Самұрық-Қазына»  қорына қатысты компаниялармен жасалған болса, 4-уі елдегі жүйеқұраушы кәсіпорындар.  

Бұған қоса «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында салынатын нысандар бойынша жасалған сатып алулар туралы баяндады. Оның сөзінше, бүгінгі таңда отандық тауар өндірушілермен 67 миллиард теңгеге Меморандумдар жасалған. Аталмыш мәселе компания мен Үкіметтің жіті қадағалауында.      

  

 




Яндекс.Метрика